«Ақсу» капитаны күтпеген шешім шығарды
Футбол маусымы қызған шақта Руслан Есімов ойыншы мансабымен қош айтысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ақсу» ФК Instagram желісіндегі ресми аккаунтында жария болғандай, ойыншы мансабын аяқтағаннан соң Руслан Есімов «Екібастұз» футбол клубының жаттықтырушылар құрамына енеді.
Екібастұз футбол мектебінің түлегі «Ақсу» сапында барлығы 20 матч өткізіп, бір гол соққан. Биылғы маусымда ол барлық турнирлерде сегіз матчта бір ассист жасады.
33 жасар футболшы ретінде ол «Ертісте» көбірек ойнады. Павлодарлықтар сапында Руслан Есімов 2015-2020 жылдар аралығында 119 матч өткізді. 2017 жылдың 21 қазанында Қазақстан Премьер-лигасының 30-турында «Ертіс» «Ақтөбені» қабылдап жатқан кезде қақпашы Давид Лория жарақат алды. Ойыншылар ауыстыру лимиті таусылғаны себепті қақпаға Руслан Есімов тұрды да сол матчта өзін мықты голкипер ретінде танытты.
Одан бөлек, ол туған қаласының «Екібастұз», Ақтаудың «Каспиі» және Петропавлдың «Қызылжарында» да ойнады.
Фото: ашық дереккөздерден