Павлодарлық әншілер бас сахнада қалаға деген махаббатын мойындайды

Әндер авторлары арасында «Өнерлі шаһар» атты қалалық байқауы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жағалау сахнасынан сүйікті қала туралы әнді орындағысы келетін тұрғындар жеке орындауындағы әнді (бейне/аудио форматында) Instagram-дағы жеке парақшаға жүктеуі керек. Парақша міндетті түрде ашық болуы тиіс.
Сондай-ақ, қатысушылар бейне салған кезде @smk_kaz, @sayasat_pavlodar, @akimat.pavlodar парақшаларын белгілеп, #ӨнерліШаһар және #ЕркеЕртістіңЖағасында хэштегтерді қосуға міндетті.
Байқауға өтінімдерді Google Forms -тағы https://forms.gle/Wpw9U3uTr8z3ucZa8 форма арқылы толтырып, жіберуге болады. Жұмыстар 4-14 шілде аралығында қабылданады. Бағалау Instagram-дағы лүпіл мен пікірлер санына және қазылар алқасының шешіміне негізделеді.
Үздік авторлар Орталық жағалауда сахнасында Ертіс Promenade өнер көрсетеді және оларға құнды сыйлықтар табыс етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша 8-777-625-42-38 (Александра) телефоны арқылы білуге болады.