Павлодарлық студенттер интеллектуалдық ойында сайысқа түседі
Шара халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастрылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
8 желтоқсанда сағат 16:30-да Павлодар қаласының жастар бастамаларын дамыту орталығында ЖОО-ның студенттері арасында «брейн-ринг» форматында «Адалдық күні» акциясы өтеді.
Айта кетейік, брейн-ринг интеллектуалдық ойыны алғаш рет 1990 жылы теледидарда жарық көрген. Ойыншылар бірнеше топқа бөлініп, қойылған сұрақтың жауабын белгілі уақыт ішінде талқылайды. Уақыт өтісімен командалар жауап беріп, ұпай жинайды. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.