Павлодар облысында күзгі-дала жұмыстарына қанша арзандатылған дизель отыны бөлінді?

Операторды іріктеу конкурсы жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2025 жылғы күзгі-дала жұмыстарын жүргізуге облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторды іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау жүргізіледі.
Өтінімдер Астана көшесі, 61 мекенжайында орналасқан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында 3 қабат 305 кабинетте, басқарманың электрондық сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қабылданады.
– Биылғы күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 33,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Операторлық қызметтерсіз арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны 276 256 теңге немесе литріне 232 теңгені құрайды, – деді басқармада.
Қосымша ақпаратты 8(7182)32-22-26 телефоны арқылы білуге болады.