Павлодарлық әскери кафедраларда әскери билет берілмейтін болды
Билетті тек толықтай борышын атқарғандар ғана алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Алмасбек Бұхарбаев мәлім етті.
– Тек бір жыл бойы әскери борышын өтеген азамат қана әскери билет ала алады. Ал әскери кафедра бітірген, қырық күндік әскерде болған азаматтарға бұл билет берілмейді. Бұл бұйрық 2024 жылдың басынан бері заңды күшіне енді, – дейді Алмасбек Бұхарбаев.
Спикердің айтуынша, кафедраларда билет табысталмаса да олар қызметін тоқтатпайды.Тек азаматқа оқығаны жайлы анықтама табысталады.
Сонымен қатар, жергілікті жас азаматтар Отан алдындағы борыштарын Павлодар облысында да өтей алады. Олар ең бірінші ант қабылдағанға дейін Өскемен қаласына барады және ант қабылдағаннан кейін облыс аумағындағы әскери бөлімшелердің бірінде борышын өтейді. Жарты жылдан кейін Өскемен қаласына қайта жіберіледі. Өткен жылы көктемде әскер қатарына шақырылған 30 азамат облысымызда азаматтық борышын өтеуде.
Айта кету керек, жасы 24 жастан асқан азаматтар 40 күнді әскери қызметке бара алады, алайда оларға билет берілмейді.