Павлодар облысында бірнеше республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Оған ауа райының күрт нашарлауы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 8 ақпан күні сағат 10:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, нашар көріну) «Астана-Ерейментау-Шідерті» республикалық маңызы бар автожол аумағында (200-254 шақырым) Шідерті кентінің шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар, дәл осы уақытта Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» республикалық маңызы бар автожол учаскесі (1135-1206-шақырым) Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі жол жабылды.
Ал 8 ақпан күні сағат 13:40-тан бастап Қарағанды облысында ауа-райының нашарлауына байланысты «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» республикалық маңызы бар автожол (137-231 шақырым) Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.