Павлодар көшелерінің бірінде электр қуаты өшіріледі

Павлодар көшелерінің бірінде электр қуаты өшіріледі
Фото: Константин Шелков

Алты ғимаратта электр энергиясы болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2 мамырда Олжабай батыр көшесінің бір бөлігі сегіз сағат жарықсыз болады. «109» қызметінде осы уақыт ішінде арнайы бригадалар электр желілерін жөндейтінін мәлім етті.

Сағат 9-дан 17:00-ге дейін Олжабай батыр көшесі, 22, 23, 24, 26, 30, 32 үйлерінде электр энергиясы болмайды.