Павлодарлық өрт сөндірушілер ұшақтарда өртті тиімді сөндіру тәсілдерін пысықтады
Әуежайда оқу-жаттығулар өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығулардың мақсаты –әуе кемесінің бортында төтенше жағдайлар кезінде түрлі қызметтердің іс-қимылдарына дайындықты арттыру және үйлестіру.
ТЖД бөлімшелері мен әуежай қызметкерлері адамдарды ұшақтан тез және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізді. Әуе кемесінің бортында өртті тиімді сөндіру үшін әдістер мен жабдықтар пысықталды.
Оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес, Boeing 737-300 әуе кемесі қону кезінде реактивті қозғалтқыштың механикасы зақымданып, 106 шаршы метр аумағында жану орын алды. Әуе кемесінің командирі әуе диспетчеріне төтенше жағдайдың туындауы, апаттық қону және өрт сөндіру экипажының қажеттілігі туралы ақпарат берді.
Апатқа ұшыраған ұшақтан кейін шұғыл қызмет мамандары шартты зардап шеккендерді эвакуациялауға және өртті жоюға дереу кірісті.
Оқу-жаттығуға жеке құрамның 45 адамы және 7 техника жұмылдырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram