Павлодарда кейбір тұрғындар баспана кезегінен шығып қалған
Бұл туралы олар SMS арқылы ақпарат алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тұрғындар баспана кезегінен шығып қалу себептерін анықтау үшін Кривенко көшесі, 25 үй мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй қатынастары бөліміне шағымданған.
Бөлім басшысы Кенжегүл Жолжақсынова оқиғаның мән-жайы жайлы түсіндіріп берді.
– Қазіргі уақытта коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана кезегінде тұрған азаматтардың тізімін жалпы республикалық түгендеуді бастадық. Егер азаматтың тіркеуде жоқтығы белгілі болса, мәртебесін, жұмыс орнын, отбасы құрамын растамаса және тағы басқа сәйкессіздіктер анықталса, 1414 қызметінен хабарлама келеді, – деді Кенжегүл Жолжақсынова.
Тұрғындар бұл жағдайға қатысты толығырақ ақпаратты 32-74-48 нөмірі арқылы ала алады.