Павлодарлықтар Алғыс айту күнінде арзандатылған өнімдер сатып ала алады

Павлодарлықтар Алғыс айту күнінде арзандатылған өнімдер сатып ала алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеге бес ауданның тауар өндірушілері келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 1 наурызда Торговая көшесі, 2А құрылысы Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Жәрмеңкеге Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен, Павлодар аудандары және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Сиыр етінің бір келісі – 1700-2300 теңге, жылқы еті – 2300-2500 теңге, қой еті – 1900-2100 теңге, шошқа еті – 1800-2000 теңге, бал – 2000-2500 теңге, картоп – 110 теңге, сәбіз – 80 теңге, бірінші категориялы жұмыртқа – 490 теңге, бір литр шикі сүт 200 теңгеден тиімді бағамен тауар сатып алуға болады.

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Saryarqa» фермерлік базары, сондай-ақ, облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.