Железин ауданының шалғай ауылында медпункт ашылды

Железин ауданының шалғай ауылында медпункт ашылды
Фото: Азат Серғазин

Бұған дейін олар көрші ауданнан көмек алуға мәжбүр болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мыңкөл ауылында ашылған жаңа медициналық пункт ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде салынған 30 нысанның біріне айналды. Ғимараттың ауданы 154 шаршы метр.

– Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық көмекке Тереңкөл ауданына, Михайловка ауылына немесе облыс орталығына барған. Бұл әсіресе қарт адамдар мен кішкентай балалары бар отбасылар үшін ыңғайсыз болды, бірақ қазір мәселе шешілді, – деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасы.

Ауылдық медициналық мекемеде бес кабинет жабдықталған. Олар заманауи техникамен толықты: магнитотерапия аппараты, дефибриллятор, дәрі-дәрмектерді қауіпсіз енгізуге арналған инфузиялық сорғылар, небулайзер, спирограф және ЭКГ.

Ауылда 289 ауыл тұрғыны бар, оның ішінде 81 бала.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі осы бағдарлама шеңберінде Тереңкөл ауданында осындай медициналық пункт ашылған болатын.