Ақтоғай ауданының тұрғындары су тарифіне он есе аз төлейтін болады

Ақтоғай ауданының тұрғындары су тарифіне он есе аз төлейтін болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ақтоғай-су» кәсіпорнына жүргізілген талдау нәтижесінде негізсіз алынған кірістер анықталып, уақытша өтемдік тариф бекітілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Ақтоғай-су» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге арналған тарифтік сметасының орындалуын талдады.

Талдау нәтижелері бойынша 15 251,42 мың теңге мөлшерінде негізсіз алынған кіріс анықталды. Бұл соманы кәсіпорынға бюджеттен субсидиялау арқылы жапқан.

Осыған байланысты Департаменттің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 1-НҚ бұйрығымен жаңа уақытша өтемдік тариф енгізілді. 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап 2026 жылдың 31 қаңтарына дейін сумен жабдықтау қызметінің тарифі 16,86 теңге/м3 мөлшерінде бекітілді. Бұл бұрынғы 194,09 теңге/м3 тарифінен 177,23 теңгеге немесе 90%-ға төмен.