Павлодарлықтар онлайн курста қазақ тілін тегін үйренді
«Қазақ тілі» онлайн курсы аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жыл сайын Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында облысымызда барлық санаттағы азаматтар үшін қазақ тілін тегін оқыту курстары өткізіледі. Осыған орай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі» онлайн курсы жобасы жүзеге асырылды.
– Курстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету және қызметкерлердің күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға ынталандыру, – деді басқармада.
Жоба бойынша қазақ тіліне 150 адам оқытылды. Курстың соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Сабақтар онлайн режимде өтті. Оқу кезінде тыңдаушылар өз қызметіне қатысты қажетті сөздік минимумды меңгерді.