Павлодарда үш мыңнан астам жүргізуші бағдаршамның қызыл түсін елемеген

Павлодарда үш мыңнан астам жүргізуші  бағдаршамның қызыл түсін елемеген
Фото: Константин Шелков

Олар жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі қызыл түске тоқтамау арқылы жүргізуші өз өміріне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өміріне де қауіп төндіретінін атап өтті. 

– Бағдаршамның рұқсат беру сигналы жанғанша күту кейбір жүргізушілер үшін қиын болып көрінеді. Сигналдың өзгеруін қадағаламаған тәжірибесіз жүргізушілер де «мүмкін үлгеріп өтіп кетермін» деп басқа адамдарға қауіп төндіреді. Ағымдағы жылы 3029 жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді департаментте. 

Бұл ретте, Павлодарда Жібек Жолы – Малайсары батыр көшелерінің қиылысында Мерседес маркалы автокөлікті жүргізген жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін жазаланып, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары Павлодарлық жүргізушілердің негізгі сылтаулары - кездесуге кешігіп жатырмын немесе жұмысқа тезірек жетуім керек  екенін атап өтті. 

Полиция қызметкерлері асығыс немесе әдетке байланысты жол  жүру ережелерін елемеуге болмайтынын, қауіпсіздік әрқашан басымдық болып табылатынын ескертеді.