Павлодарлықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады

Павлодарлықтарды бос орындар жәрмеңкесіне шақырады
Фото: Константин Шелков

Жұмыс іздеушілер үшін көптеген бос жұмыс орны ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы 25 қыркүйек күні сағат 11:00-де жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге арналған жәрмеңкеге шақырады.

Өтініш берушілер үшін көптеген бос жұмыс орындары ұсынылады, жетекші жұмыс берушілермен таныса алады, табысты мансапқа жетуге мүмкіндік ала алады.

Ал жұмыс берушілер өз компанияларын таныстырып, білікті қызметкерлерді іздеп, жас мамандармен және кәсіпқойлармен жеке кездесулер өткізе алады.

Айта кетейік, барлық мәселелер бойынша ақпаратты +7 707 665 5803 нөмірі арқылы білуге болады.