Павлодарлықтар тазалықты сақтай отырып, бағалы сыйлықтар ұтып ала алады

Павлодарлықтар тазалықты сақтай отырып, бағалы сыйлықтар ұтып ала алады
Фото: Константин Шелков

Ол үшін экология тақырыбында видеоролик түсіру керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жасыл ел штабы» қоғамдық қоры «Таза Павлодар бізден басталады!» видеороликтер конкурсын жариялады.  

Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Ұйымдастырылып жатқан конкурстың негізгі мақсаты –  экологиялық қозғалысты насихаттау және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауды қалыптастыру. 

Экология тақырыбындағы жұмыстар ағымдағы жылдың 13 қазанына дейін қабылданады. 

Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді. 

Толығырақ +7 (700) 294-54-64 телефон нөмірі немесе zhasylelpvl@mail.ru поштасына жазу арқылы білуге болады.