Павлодарда жаз айларында тегін қазақ тілі курсы өтеді

Павлодарда жаз айларында тегін қазақ тілі курсы өтеді

Курсқа қала тұрғындары қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі түрлі санаттағы қала тұрғындарына арналған қазақ тілін оқытудың тегін үш айлық курстарын ұйымдастырады.

- Курстар 2023 жылдың маусым айынан бастау алып, қаланың әртүрлі шағын аудандарында өткізіледі. Оқыту барысында тегін оқу құралдары, «Ана тілі» мобильді қосымшасы ұсынылады, - деді бөлімде.

Курстар аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.

Курстарға 8 776 806 7888 телефоны немесе anatilicenter@mail.ru электрондық поштасы арқылы жазылуға болады.

Фото: ашық дереккөздерден