Павлодарлықтарды қала күнінде қандай спорттық іс-шаралар күтеді?

Павлодарлықтарды қала күнінде қандай спорттық іс-шаралар күтеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бір апта бойы дене шынықтыру-сауықтыру шаралары өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қала күніне орай:

  • 12, 13 шілде күндері сағат 17:30-да «Қайсар» балалар мен жасөспірімдер спорт клубында армрестлинг және гір спорты бойынша ашық қалалық чемпионат;
  • 13-14 шілде аралығында сағат 9:00-де «Ертіс шаңғы базасында биатлон бойынша жазғы қала кубогы; 
  • 16-17 шілде аралығында сағат 10:00-де әуежай алаңында 2006-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында автомобиль жолында велоспорттан 25 шақырым жеке жарыста ашық қалалық чемпионат ұйымдастырылады.