Павлодарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Жұмыс іздеп жүрген азаматтар кеңес ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодар қаласының мансап орталығы» филиалының мәліметінше, 15 қыркүйекте бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
– Жұмыссыз және жұмыс іздеген, алимент бойынша берешегі бар, пробациялық қызметте тіркеуде тұрған азаматтарды қалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне шақырамыз,– делінген хабарламада.
Жәрмеңкеге 25 ұйымның өкілдері қатысатын болады. Тұрғындар өзімен бірге жеке куәліктері алып келуі керек. Жәрмеңке Ломов көшесі, 38 жастар бастамаларын дамыту орталығында сағат 15:00-де басталады.