«Әрекет уақыты»: Павлодарлықтарды мейірім апталығына қатысуға шақырады
Марафон Жастар күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен біріге отырып 12-18 тамыз аралығында «Birgemiz: areket yaqyty» жобасы аясында «Игі істер марафонын» өткізеді.
«Игі істер марафоны» жобасы кез келген жастағы Қазақстан халқы арасында қоғамның өмірін жақсартуға бағытталған ерікті әрекеттерді жүзеге асыру үшін жақсылық істеріне қатысу дәстүрін қалыптастыруға бағытталған.
«Игі істер марафоны» жобасына қатысу үшін үш негізгі қадам талап етіледі: «Игі істерді» жүзеге асыру, #ИгіІстерМарафоны2024 #МарафонДобрыхДел2024 #MarathonOfGoodDeeds2024 хэштегтерді қолдана отырып, әлеуметтік желілерде «Игі істерді» жариялау, сондай-ақ @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларындағы профиль парақшасындағы Google-формасын толтыру.
Айта кетейік, өтінімдерді беру кезінде қандай да бір техникалық сұрақтар бойынша +7 708 706 4242 ақпарат желісіне хабарласуға болады.