Павлодарлықтарды Білім күнімен құттықтады
Облыс әкімі Асайын Байханов инстаграм парақшасында ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгінде облыстың 360 мектебінде, 158 балабақшасында, 225 шағын орталығында 156 мыңнан астам бала оқиды. 44 колледжде 22 мың студент білім алып, сұранысқа ие мамандықтарды игеруде.
– Білім беру мемлекеттік органдар жұмысының басты басым бағыттарының бірі болды және солай болып қала береді. Биыл балаларды жайлы оқыту үшін өңірдегі 54 мектепке күрделі жөндеу және үш балабақшаға реконструкция жүргізілді. Облыс орталығында 1200 балаға арналған екі заманауи жайлы мектеп салынуда. Жасалған қолайлы жағдайлар одан әрі білімдерін шыңдап, жаңа жеңістерге жетелейтініне сенімдімін, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі барлық оқушылар мен студенттерге үздік оқу, жаңа жеңістер мен жоғары жетістіктер, ұстаздар мен ата-аналарға жемісті жұмыс және шыдамдылық тіледі.