Павлодар облысының депутаттары мұқтаж отбасыларға көмектесті

Павлодар облысының депутаттары мұқтаж отбасыларға көмектесті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар аз қамтылған отбасыларға балаларын мектепке дайындауға демеу білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының мәліметінше, жаңа оқу жылы қарсаңында облыстық мәслихат депутаттары мен аманаттықтар «Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясына қатысты. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдауға бағытталған.

Байғабыл Майкотов, Қанат Сатабаев және Айдар Курумбаев мұқтаж отбасыларға кеңсе тауарлары мен киім-кешек сатып алуға сертификаттар табыс етті. Бұл бастама балаларды мектепке дайындауда ата-аналардың қаржылық ауыртпалығын жеңілдетуге арналған, – дейді фракцияның баспасөз орталығында.

Депутаттар қолдауының арқасында аз қамтылған отбасылардан шыққан көптеген балалар оқу жылын барлық қажетті мектеп керек-жарақтары мен киімдерімен бастай алады, бұл оларға оқуға және өз қабілеттерін дамытуға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.