Павлодарлықтарды психологиялық ойынға шақырады
Ойын өз-өзін тануға және ой-сананы өзгертуге көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілде күні сағат 15:00-де «Мінсіз өмір» атты түрленім ойыны өтеді.
– Қатысушылар мақсаттарына жетуге, жеке өсуді дамытуға және жаңа перспективалар табуға уәждеме ала алады. Спикер ойын маманы Райма Серажиева болады, – дейді ұйымдастырушылар.
Ойын бес адамға арналған, сондықтан орын шектеулі. Тіркелу және толық ақпарат алу үшін +7(705)625-95-87 телефон нөміріне хабарласуға болады.