Павлодарлық желаяқтар халықаралық турнирден жүлдемен оралды

Павлодарлық желаяқтар халықаралық турнирден жүлдемен оралды
Фото: Константин Шелков

Жарыс Алматы қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында қола деңгейдегі ХХХІ Гусман Косановтың құрметіне арналған халықаралық турнир ұйымдастырылды.  

Жарысқа Әзербайжан, Қытай, Эфиопия, Грузия, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Малайзия, Филиппин, Катар, Сингапур, Тайланд, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан сияқты түрлі елдердің спортшылары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша, павлодарлық спортшы Ольга Сафронова екі алтын мен бір қола жүлде иеленсе, Дамил Сутжанов 100 метрлік төрт айналымды эстафетадан алтын, Елизавета Волкова қола жүлде иегері атанды.