Павлодарлықтарға стильді киім таңдау бойынша кеңес береді
Стилист-сарапшы стильді образ құрастырудың қыр-сырымен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Аруназ» жобасы аясында «Сән коды: өзіңіздің стильді қырыңыздан байқаңыз» атты мастер-класс өтеді.
Сарапшы күнделікті өмірде киілетін және ерекше жағдайларда есте қаларлық образдарды қалай жасауға болатынын айтады. Ол түстерді, стильдерді және аксессуарларды таңдаудың негізгі ережелерімен бөліседі.
– Мастер-класс өзін сенімді және стильді көрінгісі келетіндерге арналған.Гардеробыңызды функционалды және сәнді ететін кеңестер беріледі,– делінген хабарламада.
Іс-шара 21 қарашада сағат 17:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында өтеді. Қатысушылар үшін сыйлықтар беріледі. Орындар саны шектеулі, 7 705 625 9587 WhatsApp нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.