Биыл Павлодарда «Ertis Promenade» маусымы қалай ашылады?

Биыл Павлодарда «Ertis Promenade» маусымы қалай ашылады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындарды шығармашылық байқау күтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында 2024 жылғы «Ertis Promenade» маусымының қалай ашылатынын мәлім етті. 

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Караоке PVL» халықтық байқауын жариялайды.

Оған өтінім берген облыс орталығының 18-ден жоғары жастағы талантты тұрғындары қатыса алады. Іріктеу кезеңі 11-12 мамырда сағат 11:00-де Астана көшесі, 156 мекенжайында орналасқан «Колос» мәдениет үйінде өтеді. 

Байқау финалы аталмыш мекенжай бойынша 18 мамыр күні сағат 11:00-де болады. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталып, «Ertis Promenade» маусымының ашылуында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Өтінімдер Павлодар қаласы, Астана көшесі, 156 мекенжайында, сондай-ақ, kolos_pvl@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: 61-82-10.