Павлодарда Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтеді

Павлодарда Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар мен қала қонақтары үшін қызықты бағдарлама жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Batyr Mall» ойын-сауық орталығында сағат 15:00-де концерт басталады.

–  Естай атындағы мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концертіне шақырамыз. Бағдарламада талантты өнер иегерлері әсем әндер мен композициялық би қойылымдарын тарту етеді,– делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін редакция тілшісі 7 мамырда қандай іс-шаралар өтетінін жазған болатын.