Павлодарлықтарды Жаңа жылды отшашу мен би кешімен қарсы алуға шақырады
Тұрғындар үшін SADRADDIN өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
31 желтоқсан күні сағат 23:00-де Жаңа 2026 жылды бірге қарсы алу үшін қаланың Орталық алаңында мерекелік бағдарлама әзірленген.
– Сіздерді Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық құттықтауы, қала әртістерінің қойылымдары, қызықты ойындар мен викториналар, жарқын дискотека және мерекелік отшашу күтеді, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде. – Жаңа жылдың сиқырлы атмосферасына бірге еніп, бір-бірімізге қуаныш сыйлап, ұмытылмас сәттер жасайық. Бұл мерекені отбасыңызбен және достарыңызбен бөлісуге келіңіз.
Кештің басты қонағы қазақстандық эстрада жұлдызы SADRADDIN болмақ.