Би кештері: Павлодарлықтар жаздың соңғы күндерін қалай өткізе алады?

Би кештері: Павлодарлықтар жаздың соңғы күндерін қалай өткізе алады?
Фото: Ольга Бугаева

Тамыз айында қалада болатын мәдени іс-шаралардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Концерттер

Павлодарлықар 4 тамызда «Ertis Promenade» сахнасында кешкі сағат 20:00 Успен ауданы өнерпаздарының концертін тамашалай алады.

Бас сахнада 6 тамызда сағат 16:00 «Талантино» продюсерлік орталығының есеп беру концерті өтеді. Дәл сол күні кешке Аққулы ауданы өнерпаздарының концерт қоятын болады.

«Forever yong» атты ән фестивалі «Ertis Promenade» сахнасында 12 тамыз күні сағат 19:00 бастау алады.

18 тамызда Павлодар ауданының шығармашыл ұйымдары кешкі сағат 20:00 өнерлерін көрсетеді.

Кешті күлкілі өткізу үшін 19 тамызда өтетін «Жайдарман» КТК баруға болады. Ол 19:00-де басты сахнадағы басталады деп жоспарланған.

Ал 24 тамызда 20:00-де Ақсу қаласының өнерпаздары шығармашылықтарын паш етсе, келесі күні Баянауылдың әртістері 20:00-де «Ertis Promenade» келетін болады. 

30 тамыз Ата заң күні кешкі сағат 19:00-де «Айбыны биік – Ата Заң концерттік бағдарламасы өтеді. Қалалық мәдениет бөлімінде бұл шараға қазақстандық жұлдыздар келуі мүмкін деп хабарлады. Нақты ақпарат кейін қосымша берілетін болады.

Дискотекалар

5 тамызда 17:00-де «Ertis Promenade» сахнасында «PAVLODAR DANCE SESSION» би батлы өткізіледі.

12 тамызда 19:00-де «Forever yong» ән фестивалі болады.  Байқаудан кейін «Биле, биле» 80-90-жылдарға арналған би кеші басталады.

Сондай-ақ, қала тұрғындарын 26 тамызда болатын би кешіне шақырады.

Көрмелер

Д.Багаев мұражай-үйінде бүкіл тамыз бойы «Блокадный альбом» фотокөрмесі жұмыс жасайтын болады.

Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде бірқатар көрмелер ашылады:

И.В.Лагутиннің туғанына 110 жыл толуына арналған шығармалар көрмесін 15 тамызға дейін көруге болады.

Аңсаған Мұстафаның авторлық әлеуметтік плакат көрмесін 20 тамызға дейін жұмыс жасайды.

«Алматы аккорды» көрмесі 1 тамызда ашылып, 25 тамызға дейін жұмыс істейді.

25 тамызда С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтетін «Конституция тәуелсіз ел тұғыры» атты кітап көрмесіне баруға болады. 

Сонымен қатар, «Ertis» мультимедиялық музейінде 30 тамызда «Конституциямен өмір сүру» атты көрмесі ашылады.

Фильмдер

Тамыз айында екі фильмнің көрсетілімі болады: «Голос степей» және «Келін». Оларды кешкі сағат 20:00-де «Ertis Promenade» сахнасынан көруге болады.