Павлодарлықтарға киіз үй тігуді үйретеді
Шеберлік сабаққа кіру– тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасында 13 наурызда көшпелі халықтардың даналығының тамаша үлгісі болып табылатын ежелгі және функционалды киіз үйді жинау бойынша бірегей шеберлік сыныбы өтеді. «ART-STUDIO» жастар жобасы аясында «Аламан көрпе», «Тақия Фест», «Көрпе Фест» фестивальдерінің қатысушысы және жеңімпазы Ғалия Сұңғатова өткізеді.
«Nomad Time» шеберлік сыныбының бағдарламасында:
- киіз үй тарихы және мәдениетімен танысу;
- қаңқаны жинау және киіз үйді бекіту бойынша тәжірбиелік дағдылар;
- дәстүрлі декор мен дизайн элементтерін талқылау.
Шеберлік сабақ 15:00-де басталады.