ПМХЗ-де жоспарлы-алдын алу жұмыстары басталды

Негізгі мұнай өнімдерін жөнелтуге бұл әсер етпейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы-алдын алу жұмыстары аясында қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарға (110-нан астам бірлік) және технологиялық құбырларға (930-дан астам бірлік – 141 843 жүгіртпе метр) міндетті техникалық куәландыру және сараптамалар жүргізу жоспарланған.
Аталған жұмыстарды орындау үшін 1 100 маман және 107 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.
– Сонымен қатар негізгі мұнай өнімдерін жөнелту ҚР Энергетика министрлігімен келісілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Зауыттың резервуарларында 35 мың тонна автокөлік бензині, 45 мың тонна дизель отыны және 14 мың тонна авиаотын қоры бар. Сонымен бірге кейбір мұнай өнімдерінің көлемін ұлғайту мақсатында ҚМГ-ның өзге де МӨЗ-дерінде өндірісті арттыру шаралары қабылданды. Бұл шаралар ең алдымен әлеуметтік маңызы бар салалардың қажеттілігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған, – деді кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Жоспарлы-алдын алу жұмыстарын 2025 жылғы 17 шілдеге дейін аяқтау жоспарланып отыр.