Тереңкөлде қысқы балық аулау бойынша турнир өтті
Қысқы балық аулау үш сағатқа созылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тереңкөл ауданының Осмерыжск ауылында Торайғыров университеті қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, қысқы балық аулау бойынша «KASIPODAQFISH» турнирі ұйымдастырылды.
Көктемгі ауа райы, күн шуағы, қысқы ұйқыдан оянған табиғат ауыр қызметтен үзіліс алып қана қоймай, салауатты өмір салтына қосылуға тамаша мүмкіндік береді.
– Қысқы балық аулау үш сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың әділ күресуін қамтамасыз етіп, балықты грамға дейін мұқият өлшеді, – дейді Тереңкөл ауданының әкімдігінде.
Жарыс қорытындысы бойынша, жеке біріншілікте №1 ЖОББМ қызметкері Марат Балғабаев үш келі 315 грамм балық аулап, жеңіске жетті. Екінші орынға екі келі 655 грамм ұстаған «Торайғыров университеті» КЕАҚ мүшесі Анатолий Хоментовскийге берілді. Үшінші орын екі келі 222 грамм балық аулаған Осмерыжск негізгі орта мектебінің қызметкері Сергей Жуковқа бұйырды.
Сондай-ақ, байқау жеңімпаздары мен қатысушылары жұмыс аптасы алдындағы күш-қуат пен тамаша көңіл күйден бөлек, қатысқаны үшін дипломдар мен Алғыс хаттарға ие болды.