Павлодарда бұрынғы жұбайын ұрған ер адам жазаланды
Заң қатаңдатылғаннан бастап Павлодар облысында 195 құқық бұзушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ағымдағы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы Заң күшіне енді. Сол сәттен бастап Павлодар облысында 3047 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, оларды бұзғаны үшін 195 құқық бұзушы жауапқа тартылса, құқық бұзушылардың тәртібіне 762 ерекше талаптар белгіленді.
– Маусым айында полицияға бір әйел жүгініп, оған дене жарақатын салған бұрынғы жұбайына қатысты шара қолдануды сұрады. Дереу сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижелері жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілгенін растады. Ер адамға қатысты қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша бұзақылық ниетпен жасалған қылмыстық іс қозғалды. Іс Павлодар қаласының сотында қаралды. Сот қаулысымен ер адам қаланың пробация қызметіне профилактикалық есепке қойылып, қоғамдық жұмыстардың 40 сағатына сотталды, – деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Полицейлер қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық теріс қылық жасау үшін жәбірленушілердің мәлімдемесі міндетті емес екенін еске салады. Материалды жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларының жазбалары жеткілікті. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Сонымен қатар, кінәлі осындай фактілерді қарау кезінде сотта қайта татуласу құқығынан айырылады.