Успен ауданында ескі мәдениет үйі жаңартылды
Ғимаратты жөндеуге облыстық бюджеттен 168 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тимирязево ауылындағы мәдениет үйі 1985 жылы салынған. Ал, соңғы күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілген.
Жаңартылған нысан осы жылдың маусым айында қонақтарды қабылдауға дайын болмақ. Қазір ғимаратта қабырғалар, еден бөлшектеліп, басқа да құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, ауданда тағы бірнеше әлеуметтік нысан жөнделуде.
– Ауылдық мәдениет мекемелерін жөндеу – ауыл өмірінің маңызды құрамдас бөлігі, – дейді әдіскер және мәдениет үйінің әкімшісі Бауыржан Дүйсекеев. – Бұл дегеніміз – мәдениет дамиды, дәстүрлер нығаяды, жұмыстың жаңа түрлерін енгізуге мүмкіндік туады. Мәдениет үйі – барлық ауыл тұрғындары үшін тамаша кездесу орны.
Айта кету керек, үш жүзге жуық адам тұратын шағын Тимирязево ауылының меценаты – «Анна» шаруа қожалығы.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Успен ауданына жұмыс сапары кезінде әлеуметтік нысандарды жөндеуді тексерген болатын. Мәселен, аудан орталығында биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу бойынша екі жылдық жоба аяқталады.