Жарқынбек Амантайұлы: Жаңа Конституция – әділетті қоғамның кепілі

Жарқынбек Амантайұлы: Жаңа Конституция – әділетті қоғамның кепілі
Фото: автор

Халық қалаулысы жаңа Констуциядағы өзгерістер туралы әңгіме өрбітіп, пікір алмасты деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайдың айтуынша, Қазақстан саяси өзгерістердің алдында тұрғанын және бұл маңызды қадам үшін халықтың белсенділігі аса маңызды екенін алға тартты.

Халық қалаулысы наурыз айында әлем түлеп, дүние жаңаратын уақытта Қазақстанның да саяси бағытын жаңару жолында Конституцияға дауыс беретін маңызды сәт келіп жететін жеткізді.

– Құжат жобасында «Не өзгерді?» деген сұрақ баршамызды толғандырады. Еліміздің негізгі заңындағы преамбулада негізгі қағидаттар көрініс тапқан. Басқаша айтсақ, кіріспеде «Біз біртұтас Қазақстан халқы» деген сөйлем енгізілген. Бұны ұлты, наным-сенімі, конфессия, ерекшеліктеріне қарамастан, біртұтас халық ретінде ұйыстыруға бағытталған түсінік деп айтсақ болады. Осылайша, мыңдаған тарихы бар халқымыздың сабақтастығы сақталады, – дейді Жарқынбек Амантайұлы.

Жарқынбек Амантайұлы  жаңа Констуцияда преамбуласындағы «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттарының маңыздылығына тоқталды.

– Қағидаттар адам құқығын, яғни, сіз бен біздің қызығушылықтарымызды терең қорғауға бағытталған. Бұл адам бостандығы  мүлтіксіз сақталатынын айғақтайды. Біздің қоғам әділеттіліккке бет алған қоғам ретінде өзгенін құқығына қол сұқпайтын мемлекет болуға бағытталып отыр. Сонымен қатар, қазіргі заман талаптары мен геосаяси өзгерістерге сай дамуымыздың дәлелі болса керек,  – дейді депутат.

Кездесуге қатысқан павлодарлықтар пікір алмасып, жаңа Ата заңдағы өзгертулер бірінші кезекте адамның болашағы, бейбіт және қауіпсіз ортада өмір сүруіне қажет дүниелер ескерлігенін баса айтты. Ал дұрыс таңдау жасап, белсенділік таныту – азаматтардың еншісінде.