Павлодар облысында алдағы күндері аяз күшейеді
23-27 ақпан аралығында өңірде аяз және құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, аптаның алғашқы күндері жауын-шашынсыз болғанымен, кейін қар мен боран соғып, артынша қатты аяз күшейеді.
23 ақпанда қар мен боран сақталып, солтүстік және шығыс бөліктерде қалың қар жауады. Кей аумақтарда тұман түсуі мүмкін. Түнде -12…-17°С, батыста -20°С, күндіз де осы шамада сақталады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
24 ақпанда аяз күшейеді. Түнде -30…-35°С-қа дейін төмендеп, күндіз -23…-28°С болады. Түнгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда қар жауып, жаяу боран соғады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с.
Сәрсенбіде жауын-шашын болмайды, бірақ батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман сақталады. Түнде -33…-38°С, күндіз -20…-25°С. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с.
26 ақпанда да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде тұман болады. Түнде -30…-35°С, күндіз -15…-20°С. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с.
Жұма күні жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Түнгі температура -25…-30°С, күндіз -10…-15°С шамасында болады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с.