Ақсуда құжатсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Ақсуда құжатсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаладағы құрылыс нысандарының бірінде учаскелік полиция инспекторы тиісті құжаттарсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді тапқан. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін оларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жіберілді.

Ведомствода атап өткендей, «Учаске» іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерлерін, құрылыс объектілерін, базарларды және басқа да ұйымдарды тексереді. Сондай-ақ, заңсыз еңбек күшін пайдаланатын жұмыс берушілерді де анықтайды.

Іс-шара басталғаннан бері 700-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілген, оның ішінде 45-і көші-қон заңнамасын бұзумен байланысты.