Павлодарлықтар гүлдер мен кітаптардың орнына керек заттар ала алады
Қала тұрғындарын ескі заттарға екінші өмір сыйлауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Жасыл ел» штабының хабарлауынша, 12 тамыз күні Орталық жағажайда (арка) DARMARKA шарасы өтеді.
– Қала тұрғындары қажет емес заттарды әкеліп, оларға екінші өмір сыйлай алады. Жыртылмаған кітаптар, үй өсімдіктерін, макулатура әкеле алады. Оның орнына ұнайтын нәрсені алуға болады, – делінген хабарламада.
Жәрмеңке кешкі сағат 17.00-де басталады.
Айта кетейік, биыл алғашқы DARMARKA сәуір айында өткізілген. Жәрмеңке келушілердің көңілінен шыққандықтан, жасылелдіктер бұл шараны қайта өткізуді жөн көріп отыр.