Жас тарихшылар Павлодар облысының көрікті жерлерінің макетін жасады
Шығармашылық байқауға жүзге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің хабарлауынша, «Менің кіші Отаным» VІ Республикалық зияткерлік байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Ол «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында өткен болатын.
– Мақсаты-туған өлкенің тарихын зерттеумен айналысатын дарынды оқушыларды қолдау, Қазақстан тарихы мен өлкенің тарихын білу. Қаланың 35 жалпы білім беретін мектебінің 9- 10 сыныптың 94 оқушысы қатысты,– деді бөлімде.
Жас тарих білгірлері конкурстың екі кезеңіне қатысты: Қазақстан тарихын білуге тестілеуі және презентация форматында шығармашылық жұмыстарды көрсету. Мысалы, оқушылар «Менің кіші отанымның тарихы» - елді мекеннің тарихын ашып, «Кіші Отанымның символы» - жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар туралы төрт номинацияда бейне-репортаж ұсынды.
«Менің туған өлкем» номинациясында бірінші орынды № 25 мектептің 9-сынып оқушысы Толғанай Тельман, «Менің кіші отанымның тарихы» номинациясында Ә. Бөкейхан атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Жанбота Сапар, «Кіші Отанның символы» номинациясында № 2 мектептің 10-сынып оқушысы Оразайым Қасқырбек «Менің кіші Отанымның болашағы» Кенжекөл ЖОМ 9-сынып оқушысы Әбиба Қамза иеленді. Олар қазан айында байқаудың облыстық кезеңіне қатысатын болады.