Павлодарда жасөспірімдердің пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды
Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, дарынды ер балаларға арнарған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңін өткізілді.
- Олимпиадада 7-8 сынып оқушыларын математика, физика, биология, химия, география, информатика пәндері бойынша білімдерін сынады, - деді басқармада.
Облыстық кезеңеге 204 оқушы қатысып, 84 қатысушы жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде 1-орынды – 18, 2-орынды – 28, 3-орынды – 38 қатысушы иеленді.
Фото: облыстық білім беру басқармасы