Павлодар облысының оқушылары республикалық олимпиададан жүлделі оралды
Олимпиадаға елдің мыңнан астам оқушысы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы білім басқармасының мәліметінше, Астана қаласында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық олимпиада өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1000-нан астам дарынды ауыл мектептерінің оқушылары математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша сынға түсті. Павлодар облысын аталмыш олимпиадаға 10 оқушыдан тұратын команда таныстырды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының ауылдық аймағының №40 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Максим Комаров биология пәнінен үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атаса, екінші дәрежелі дипломымен-Тереңкөл ауданының Песчан № 1 мектебінің 9 сынып оқушысы Анна Чоп марапатталды.
Успен ауданы М.Жұмабаев атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Вероника Короткова математикадан және Ақтоғай ауданының Қ.Ыдырысов атындағы мектебінің 11 сынып оқушысы Ақбота Файзулла география пәнінен үшінші орынға табан тіреді.
Айта кету керек, олимпиада жеңімпазы Максим Комаров Торайғыров университетінің білім грантының иегері атанды, сонымен қатар 2024 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың финалдық кезеңіне қатысу құқығына ие болды.