«Жасыл ел» сарбаздары павлодарлықтарды экологиялық сенбілікке шақырады
Сенбілік дүниежүзілік тазалық күніне арналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық «Жасыл ел» жасағы «Plastnet» желісімен бірлесіп, өңір тұрғындарын дүниежүзілік тазалық күніне арналған жыл сайынғы экологиялық сенбілікке қатысуға шақырады.
Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды ояту және туған өлкеміздің табиғатын қорғаудың маңыздылығын көрсету.
– Өткен жылы бүкіл әлем бойынша мыңдаған адам өз қалаларын тазарту үшін бірікті. Біз бұл бастаманы жалғастырамыз, – деді жасылелдіктер. – Қаланың тазалығына үлес қосу, қоқыстарды жинауға және жоюға көмектесу, жаһандық экология қозғалысының бөлігі болу үшін тұрғындарды бізге қосылуға шақырады.
«World Clean up Day» экологиялық сенбілігі 20 қыркүйек, сағат 10:00-де Усолка шағын ауданында жоспарланған.