Павлодар облысы көмір өндірісі бойынша үштікке енді
2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда көмір мен көмір концентратын қоса алғанда, көмірді өндіру көлемі 69,4 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бұл – 2023 жылмен салыстырғанда 7,3% аз. Бір жыл бұрын да көмір өндірудің 2% қысқарғаны байқалған болатын.
– Еліміздегі көмірдің барлығы дерлік үш облыста — Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында өндіріледі. Биыл сегіз айда өндіріс көлемінің жартысынан астамы Павлодар облысына, үштен бір бөлігі — Қарағанды облысына, қалғаны Абай облысына тиесілі, – деп жазылған хабарламада.
Отандық шахталар 2024 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша сұранысты (ішкі нарықтағы сатылым және экспорт) 99%, 2023 жылғы қаңтар-маусымда 99,3% қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс 9,5%, 50,9 млн тоннаға дейін төмендеді, бұл ретте импорт 34,1%, бірақ тек 529,1 мың тоннаға дейін өсті.
Көмір экспорты 6,9% қысқарып, 13,2 млн тоннаны құрады, ал ішкі нарықта сату көлемі 10%, 38,2 млн тоннаға дейін азайды.