Железин ауданында 22 жастағы егіз қыздар сайлаудан қалыс қалмады
Ксения Шнайдер мен Есения Кайзер Башмачное ауылында тұрып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Егіздер сайлауға алғаш рет қатысып отырған жоқ.
– Мемлекет басшысы бізге аудан әкімін еркін түрде таңдау мүмкіндігін берді. Сондықтан да, Железин тұрғындары үшін өте маңызды, елеулі күн деп есептеймін. Тікелеу сайлау арқылы таңдалған аудан әкімі ауылдардың өміріне қатысты бүкіл сұрақ, мәселелерімен айналысатын болады, – деп бөліседі Ксения Шнайдер.
Оның сөзінше, Башмачное ауылында әлеуметтік маңызы бар барлық нысандар қолға алынды. Биыл балаларға арналған ойын алаңы мен спорттық тренажерлар орнатылды. Үйге таза ауызсу тартылып, көше жолдарына асфальт жабыны төселді.
Ксенияның төрт жастағы қызы шағын орталыққа барады. Ол алдағы уақытта орталықта қосымша дамытуға бағытталған үйірмелер ашылғанын қалайды.
– Ауыл жастары қалаға кеткісі келеді. Бірақ ауданда тұрып та, жақсы өмір сүруге де болады,– деді Ксения Шнайдер.– Башмачное ауылы аудан орталығынан аса алыс емес– 14 шақырым жерде орналасқан. Жұмыс істеймін дегендерде орын табылады. Біз өзіміздің ауылымызды жақсы көреміз.
Еске сала кетейік, сайлау барысы Ақтоғай мен Шарбақты аудандарында да өтіп жатыр. Железин ауданында 10 443 сайлаушы дауыс бере алады. Оның ішінде 4436 тұрғын өз таңдауын жасап үлгерді. Қалған ауылдықтар үшін 33 сайлау учаскесі 20:00-ге ашық болады.