Шарбақты ауданының тұрғындары сайлаудан кейін қандай өзгерістерді көргісі келеді?

Шарбақты ауданының тұрғындары сайлаудан кейін қандай өзгерістерді көргісі келеді?

Жылы-Бұлақ ауылында 253 сайлаушы аудан әкімінің сайлауына дауыстарын береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

№452 сайлау учаскесінің төрағасы Мендібай Мейрмановтың айтуынша, адамдар қуанышпен келіп жатыр. Тұрғындар белсенділік танытып, таңдауын жасау үстінде. Ауылдың төрт адамы егде жасына және денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Жылы-Бұлақ ауылы кішкентай болса да, өзінің мектебі, ФАП пен ауылдық клубы бар.

– Біздің жерімізге үміткерлердің бірі келген кезде бәріміз не қалайтынымызды ашық айтып бердік. Үш көше асфальтті қажет етеді, жарықты да орнату керек. Ал мектеп жөнделсе арман болмаушы еді,– деді ол.

Ауыл тұрғыны Гүлсұлу Төлегенова Жылы-Бұлақта жаңа кәсіпорындар ашылса, жұмыс орындары да пайда болады деп сенеді.

Биыл педагогикалық колледжінің студенті Назерке Сұлтанованың жасы 18-ге толды. Ол сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Осыған орай комиссия мүшелері жас сайлаушыға тәттілерді сыйлады. Назерке жаңа басшы ауданның өміріне жаңаша дем беретініне күмәні жоқ.

Еске сала кетейік, сағат 13:30-дағы мәліметтерге сәйкес Шарбақты үш ауданның ішінен дауыс берушілер саны бойынша көш бастап тұр. Аудандағы сайлауға қатысуға құқысы бар 12 мыңнан астам тұрғынның ішінде 4700 азамат, яғни 36 пайыздан астам халық дауысын берді.

Фото: Константин Шелков