Павлодарда суға батып бара жатқан адам құтқарылды

Павлодарда суға батып бара жатқан адам құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шегуші су астына кете бастаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 маусым күні жедел құтқару жасағының құтқарушылары Усолка өзенінің коммуналдық жағажайында патрульдеу кезінде суда қайғылы оқиғаның алдын алды.

– Құрамында төрт құтқарушы мен екі жүзу құралы бар экипаж өзеннің ортасында суға батып бара жатқан адамды байқады.  Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп реанимациялық іс-шараларды бастады, – дейді департаментте. 

Құтқарушылар ер адамның жағдайын тұрақтандырып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Департаментте су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.