Павлодарда ойын-сауық орталығында жарылғыш зат табылмады
Оқиға орнына тоғыз техника мен жеке құрамнан 31 адам шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14.09-да Batyr mall сауда және ойын-сауық орталығында жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабар түскен.
– Орталық қызметкерлері мен 102 қызметі эвакуация жүргізді. 460 адам эвакуацияланды, оның ішінде 400-і келуші, 60 персонал, – деді департаментте.
Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылмады.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Batyr mall орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.