15 қаңтарда Павлодар облысында тұман болады

15 қаңтарда Павлодар облысында тұман болады

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша температура түнде -25...-30, күндіз -20...-25°C күтіледі. Жауын-шашынсыз болады. Облыстың оңтүстік, шығысында тұман түседі.

Павлодарда түнде -25...-27, күндіз -20...-22°C, айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұманды ауа райы күтіледі.

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті