Павлодар облысында алимент төлемеген тұрғын жылжымайтын мүлігінен айырылды

Ағымдағы жылдың басынан бастап алимент бойынша жауапқа 53 борышкер тартылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әділет департаментінің басшысы Маржан Имятова бүгінгі күні облыс бойынша алименттерді өндіріп алу бойынша 16 604 құжат орындау екенін атап өтті. Ал, 3 904 алимент төлеуші жұмыспен қамтылған және алименттерді өздері төлейді.
– Алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар жұмыспен қамтылмаған борышкерлер үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру бойынша жұмыспен қамту орталығы мен сот орындаушылар арасында өзара әрекеттесу алгоритмі бар. Өңірде алимент өндіріп алу бойынша атқарушылық құжаттарды орындауға бағытталған тәжірибелі жеке сот орындаушыларынан тұратын мамандандырылған топ бар. Арнайы топтың құрылған сәтінен бастап оң өзгерістер байқалады, – деді Маржан Имятова.
Тиімді тәсілдерінің бірі борышкерді жауапкершілікке тарту болып табылады. Ағымдағы жылдың басынан бастап әділет департаментімен әкімшілік жауапқа 53 борышкер, сондай-ақ, үш борышкер ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
– Бір жылжымайтын мүлік өндіріп алушыға 6 426 957 теңге сомасында алимент бойынша берешек сомасын өтеу есебіне берілді, – деді басқарма басшысы.
Павлодар облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Дәурен Исабеков азаматтарда ажырасуға байланысты алиментті қалай алуға болатындығы туралы сұрақтар туындайтынын айтады. Біріншіден, баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар алимент өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінеді. Атқарушылық құжатты алғаннан кейін жеке сот орындаушыларына не өңірлік палатаға мәжбүрлеп орындауға ұсынылады. Алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындау жеке сот орындаушыларының рөлдерінің бірі деп атауға болады.
Алимент бойынша жұмыссыз борышкерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында бізде уәкілетті органдармен, қадағалау бақылау органдарымен өзара жұмысымыз өте жақсы жолға қойылған. Өткен жылы бірлескен күш-жігердің арқасында алимент бойынша 300-ге жуық борышкер жұмысқа орналастырылды және бүгінгі күні аталған борышкерлерден ай сайынғы негізде жалақы өндіріледі.
– Алимент өндіріп алу тәртібі ретінде азаматтарда да сұрақтар бар. Заңда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу тәртібі нақты белгіленген. Бұл – бір балаға – 1/4 бөлік, екі балаға – 1/3 бөлік, үш немесе одан да көп балаларға – борышкерлерден және басқа кірістерден түсетін табыстың жартысы. Егер борышкер жұмыс істемесе, жұмысқа орналаспаса, жұмыс орны белгіленбесе және борышкер сот орындаушысының бір жерде жұмыс істейтіндігі туралы растайтын құжаттарын ұсынбаса, онда қарызды есептеу ай сайынғы негізде орташа айлық жалақыдан алынады. Тоқсанына бір рет сот орындаушысы қаулы шығарады және қарыздарды анықтайды. Берешекті айқындау кезінде жеке сот орындаушысы Заңның бабы шеңберінде мәжбүрлеу сипатын қамтамасыз етудің барлық шаралары қабылданады, – деді Дәурен Исабеков.
Біріншіден, жұмыс орнын анықтайды, жалақыны ұстап қалуға жібереді, барлық шектеу шараларын қолданады - қамауға алу, барлық мүлікке тыйым салу. Сондай-ақ ҚР тыс жерлерге шығуды шектеу жөнінде шаралар қабылдайды. Осыдан кейін барлық қабылданған шаралар, егер нәтиже бермесе, бұдан әрі аталған адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданады.
Сондай-ақ, алимент бойынша борышкерлердің жұмыспен қамту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері 142 борышкерлерге жұмысқа орналасуға мұқтаж тұлға ретінде есепке қою үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну туралы хабарламалар берілді. Бұл ретте, 142 борышкердің ішінен 14 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Айта кетерлігі, облыстық әділет департаментінің бастамасымен прокуратура органдары мен жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен бірлесіп, алимент өндіріп алу санаты бойынша борышкерлерді құмар ойындарға қатысуын анықтаудың және шектеудің жаңа тәсілін енгізген. Департаментпен жеке сот орындаушыларға берешегі бар борышкерлердің электрондық казино мен букмекерлік компанияларда тіркелген электрондық әмияндарды анықтау мақсатында оларға қатысты шаралар қабылдау туралы тиісті хат жолданған.