17 наурызда Павлодар облысында тұманды болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын түсіп, тұман, көктайғақ болады. Сынап бағанасы күндіз +1...+6 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда көшпелі бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, тұман мен көктайғак күтіледі. Ауа температурасы +3...+5 °C болады.